Жатталған сан жүректе самал әуен

 Облыстық филармонияда  «Сағындырған әндер-ай» атты облыстық ретро фестиваль болып өтті.

  Концертте отыз-қырық жыл бұрын сәнге айналған, әсем сазы мен сөзі талай жүректердің төрінен орын алған қазақ және орыс тіліндегі әндер шырқалды. Кештің шымылдығын ашқан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Ғазиза Жұмекенова «Әдемі-ау» әнін орындаса, «Гәкку» би ансамблі мың бұрала  биледі. Фестивальда өнер көрсету үшін  Көкшетау, Степногорск қалалары мен Зеренді, Бұланды, Жақсы, Сандықтау, Жарқайың, Шортанды, Аршалы, Бурабай, Есіл, Еңбекшілдер, Егіндікөл және Целиноград аудандарынан жеке орындаушылар мен вокалдық топтар жиналды.
Сазды кеш соңында үздік өнер көрсетіп, орындаушылық шеберлігін танытқан қатысушылар ұйымдастыру алқасының лауреаттық дипломымен  және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар