15 қараша – Ұлттық валюта – Теңге күні

Қымбатты ақмолалықтар!
Сіздерді Ұлттық валюта – Теңге күні мерекесімен,  ал, қаржы саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!
1993 жылдың 15 қарашасында тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа парағы ашылды. Осы жылы Елбасының Жарлығымен ұлттық валюта – теңге қаржы айналымына енгізілді. Тәуелсіз еліміздің міндетті нышандарының бірі ретінде ұлттық валютаны енгізу қоғам өмірінде елеулі оқиға болғаны сөзсіз. Бұл Қазақстанның дербес даму жолына түскенін айғақтаған іс еді.
Ұлттық валютаның айналымға енгізілуінің арқасында Қазақстан өз еркімен қаржы саясатын жүргізу және қалыптастыруда нақты қаржы тетігіне ие болды. Тәуелсіздік алған жылдары Қазақстанның қаржы және банк жүйесі жоғары көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұған әрине,  ақша-несие саясатын жүзеге асырып отырған қаржы саласы қызметкерлерінің үлесі зор. Теңгені енгізу жөніндегі шешім ТМД елдерін қамтыған дағдарыстың ауыр жағдайында қабылданды. Жағдай нақты бағыттар мен дағдарыстан шығатын жол  табуға мүмкіндік беретін экономикалық реформаның нақтылы стратегиясын белгілеп, саяси тұрғыдан ерік-жігер танытуды талап етті. Елімізде қысқа мерзім ішінде негізін банктік жүйе құрайтын қаржы саласы қайтадан құрылды. Байыпты жүргізілген реформаның нәтижесінде төл теңгемізге деген сенімділік арта түсті.
Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!
Сіздердің араларыңызда, қаржы саласында негізінен тәжірибелі, өз ісіне берілген біліктілігі жоғары мамандар жұмыс істейді. Олар алда тұрған міндеттерді шешуге өздерінің қомақты үлестерін қосуда. Осының арқасында өңірдің экономикасы қарқынды дамып келеді. Қаржы саласының қызметкерлерін Ұлттық валюта – Теңге  күні мерекесімен құттықтаймын! Сіздерге шын жүректен зор денсаулық және бақыт тілеймін. Ел игілігі жолында жаңа  жетістіктерге жете беріңіздер.
Сергей Кулагин,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

Қадірлі ақмолалықтар!
Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!
Шын жүректен барлық қаржы саласының қызметкерлерін кәсіптік мереке – Ұлттық валюта күнімен құттықтаймын!  
Ұлттық валюта – Теңгені енгізу Тәуелсіздіктің маңызды символы мен құралы болды, экономикалық тұрақтылықты, ақшалай-несиелік саясатты жүргізуді және реформаны тереңдетуді қамтамасыз етті.  Қаржы саласын дамыту мен нығайту бойынша жалпы мемлекеттік міндеттерді шешуге Ақмола облысының қаржы қызметкерлері де лайықты үлестерін қосып келеді, олардың арасында тәжірибелі, өз ісіне жанымен берілген жоғары білікті мамандар да аз емес.  Осы мерекелі күні Сіздерге мықты денсаулық, әл-ауқат, табыс-тар және Отанымыз – Қазақстан Республикасының гүлденуі жолында жаңа кәсіптік жетістіктерге жетулеріңізді тілеймін!  
Дулат Нұрмолдин,
Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар