Тоқсан бестің толғауы

Көкшетау қаласындағы Достық үйінде Статистика күніне және аталмыш саланың құрылғанына 95 жыл толуына арналған салтанатты шара болып өтті.

  Облыстық тексеру комиссиясының, департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысқан салтанатта облыстық статистика департаментінің басшысы Ермек Мусина құттықтау сөз сөйлеп, статистиканың тарихына тоқталды, еңбексүйгіш мамандар мен еңбек ардагерлерін атап өтті.
  Шарада облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Мереке Мұстафин, облыстық қазынашылық департаментінің басшысы Сансызбай Бейсенов, Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары  Шамрат Сәдуақасов құттықтау сөз сөйлеп, жүрекжарды тілектерін айтты. Осы салада көп жылдардан бері қызмет етіп, статистиканың дамуына еңбектерін сіңірген Мариям Балтабаева, Светлана Козлова, Замария  Жәкеева,
Галина Ижицкая мен Наталья Свежинцеваға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Статистика үздігі» төсбелгісі табыс етілді.
Сондай-ақ, статистика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Жанар Букина, Гүлбаршын Әлібекова, Бибісара Омарова, Роза Қасенова және өзгелері аталмыш министрліктің Құрмет грамотасына ие болды. Кәсіптік мерекеге орай, аталмыш министрліктің Алғыс хатымен Марфуға Жаманбаева, Шұға Жаманова, Ләззат Тұружанова марапатталса, өзге де мамандар Статистика комитетінің Құрмет грамотасымен  марапатталды.
Статистика департаментінің өз мерекесіне тыңғылықты дайындалғаны көрініп-ақ тұрды. Шараны ұйымдастырушылар статистика саласында еңбек еткен Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл ардагерлеріне құрмет көрсеткендерін, еңбек ардагерлері жөніндегі мақалаларын, аудандық статистика басқармаларының орыс тілді мамандары арасындағы мемлекеттік тіл конкурсын, статистиканың үздік мамандарын, саланың өткені мен келешегі жөніндегі қабырға стендтерін, шығармашылық байқауларын, қайырымдылық және спорттық шараларды, балалар шығармаларын слайд арқылы көрсетті. «Бала тілі бал» демекші, бүлдіршіндерінің өздері жайында айтқандарын бейне роликтен тамашалады.
Шара соңында түрлі аталымдар бойынша бағалы сыйлықтар табыс етілді. Осы орайда, Жақсы аудандық статистика басқармасы, ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасы, сондай-ақ, құрылыс және инвестиция статис-тикасы басқармасының басшысы Анаргүл Мақыжанова үздік деп танылды. Салтанатқа қатысушылар үшін әсем әндер шырқалып, бишілер мың бұрала би биледі.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар