Нұртас Ахат Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы атанды

Бүгін Ақмола облысының Көкшетау қаласындағы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры  Нұртас Ахат Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 12 ақпандағы № 513 Жарлығына сәйкес «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталды.

Нұртас Ахатұлы – филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің құрметті профессоры. Ол «Тұрмыс-салт жырларындағы ұлттық педагогика мәселелері», «Орынбай ақынның әдеби мұрасы», «Алаштың Алмас ақыны», «Қос арна», «Қазақтың ары – честь казаха», «Сөз және сурет» атты оқу құралдары мен монографиялардың авторы болып табылады.

2020 жылы Нұртас Ахатұлы басқарып отырған Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі облыстағы «Үздік кәсіптік және техникалық білім беру ұйымы» атағына ие болды. Оның бастамасымен колледж ISO 9001:2015/ҚР СТ ISO 9001-2016 халықаралық стандарты талаптарына сәйкес сертификатталып, оқу орнына қолданбалы бакалавриат пен модульдік бағдарламасы енгізіліп, жүзеге асырылуда. «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын Нұртас Ахатұлына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыстады.
Атап айтқанда, Республика бойынша осы құрметті атаққа 25 педагог ие болған.

Ы.ШАМШИЕВА.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар