Халыққа өте қажет мекеменің біріміз

«Архивтер не үшін керек?» деген сұраққа әдетте қалың жұрт «тарих үшін» деп жауап беруі мүмкін. Бұл әрине, дұрыс жауап. Алайда, тек тарихшылар мен архивистер ғана архивтердің әлеуметтік және экономикалық маңызы қаншалықты зор екенін біліп түсіне алады. Біз үшін тіпті, ең кішкентай мұрағаттың өзі маңызды.

Кімде-кім ақпаратқа ие болса, сол әлемді билейді деген қанатты сөз бар. Себебі, бүгін өткізген әр сағатымыз ертең тарихқа айналады. Архивтік құжаттарды пайдалану формалары – әр бағыт бойынша архив мекемелері іске асыратын белгілі бір ақпараттық қызметтер. Архивтің көп еңбекті қажет ететін жұмысы – көлемі жыл сайын өсіп келе жатқан әлеуметтік-құқықтық сұраныстарды орындау. Статистикалық мәліметтер бойынша өткен жылы Ақмола облысының мемлекеттік архиві жеке және заңды тұлғалардың әлеуметтік-құқықтық, тақырыптық және генеалогиялық сипаттағы 4146 сұранысын орындады.
Мемлекеттік қызметтерді жедел орындау және құжаттарды іздеу үшін басқа мекемелермен өзара әрекеттесу жақсы нәтиже беруде. Әр түрлі іс-шаралар өткізіледі. Жуырда Ақмола облысының Халыққа қызмет көрсету орталығында облыстық мемлекеттік архивінің құжаттарды пайдалану және беру бөлімінің қызметкерлері «Әлеуметтік-құқықтық сұраныстар бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетудегі өзара іс-қимыл» тақырыбы бойынша семинар-практикум өткіздік. Семинардың негізгі мақсаты – электрондық үкімет порталы арқылы сұраулар санын арттыру. Акция барысында мұрағатшылар Халыққа қызмет көрсету орталығы және электронды үкімет порталы арқылы электрондық өтініштердің артықшылықтары туралы айтып, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық қызметкерлеріне кеңес берді.
Осындай алты семинар, бір бейнеконференция және «Архив кеңес береді» атты акция ұйымдастырылды. Ақмола облысының мемлекеттік архивінің сайты да тұрғындардың қызығушылығына ие. Бүгінде сайтқа жазылушылардың саны 2 жарым мың адамға жуықтайды.
Жаһандық індет жағдайында қазақстандықтар жаңа жағдайда өмір сүруді үйренді. Карантин адамдарды қозғалыс еркіндігімен шектеп қана қоймай, әлемге басқаша қарауды үйретті. Пандемия жағдайында республиканың көптеген мемлекеттік мекемелері қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Қазіргі таңда әр түрлі мәселелерді электрондық формат арқылы шешу өзекті мәселе болып отыр, ал адамдар жаңа дағдыларды игеріп, өмірдің түрлі салаларында заманауи цифрлық технологияларды, электрондық алаңдар мен веб-құралдарды пайдалануды үйренді.
Ақмола облысының мемлекеттік архиві карантин жағдайында өз жұмысын жақсы жалғастырды, өйткені архивтік мәліметтер азаматтарға қажет. Ол әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етуге, құқықтық мүдделерді қорғауға, материалдық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Осы мемлекеттік қызметтерді алу үшін жүгіну және билікпен ашық диалог рәсімдерін ұсынудың және жеңілдетудің тиімділігін арттыру үшін «Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы» ақпараттық-анықтамалық веб-порталы құрылды.
Осыған байланысты онлайн-режимде іс-шаралар, бейне роликтер, кеңестер, азаматтардың жеке архивке бармай-ақ, архив анықтамаларын алуы туралы түсіндірмелер жүргізіледі. «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту бойынша архив қызметі туралы ақпарат беріледі. Барлық жүргізіліп жатқан жұмыстар «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері немесе архивтік үзінділер беру» электрондық мемлекеттік қызметін халық арасында танымал етуге бағытталған.
Архивке жүгіну арқылы «электрондық үкімет» веб-сайты арқылы адамдар еңбек өтілі, жалақысы, оқуы, марапаттаулары, мүліктік құқықтары және басқа да көптеген мәселелер туралы архивтық анықтамалар алуда. Яғни, біз халыққа өте қажет мекеменің біріміз.

Нәзира ИСЕНОВА,
Ақмола облысының мемлекеттік архивінің құжаттарды пайдалану мен тапсыру бөлімінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар