Ғасыр індетінен сақтанайық

Облыстық орталықта Халықаралық Спид-ке қарсы күрес күніне арналған баспасөз мәслихаты болып өтті.

Отырысқа дәрігерлер, білім басқармасы, жастар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.  Жиынды ашқан аталмыш мекеменің бас дәрігері Құрманбек Бұрмағанов өз сөзінде адамдардың  аурудан сақтанып, салауатты өмір салтын ұстануы үшін көптеген шаралар ұйымдастырылатынын тілге тиек етті. Оның айтуынша,  өңірімізде ағымдағы жылы тоғыз айдың қорытындысы бо-йынша 57  азамат иммундық тапшылығы вирусын жұқтырғаны анықталып отыр. Басым бөлігі жыныстық қатынас арқылы  таралғаны да белгілі болды. Бұл ауру Көкшетау және Степногорск қалалары мен Атбасар, Бурабай, Ақкөл аудандарында кең етек алған. Науқастардың тоқсан пайызы  антиретровирустық терапия алады. Қазіргі кезде инфекция-ны емдеу мүмкіндігі де бар. Демек, вирустық салмақ  адамға иммундық тапшылығы вирусы жұқпайтындай деңгейге төмендеуде.
Сонымен бірге, облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының басшысы Жанар Сәдуақасова баяндама жасап, аурудың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстар жөнінде әңгіме өрбітті. Орталық тек жастармен ғана жұмыс істеп қоймай, кәсіпорындардағы жұмысшыларды да ақпараттандыру мәселесін қолға алған.
Мәжіліс барысында облыстық  жұқтырылған иммунды тапшылық синдромымен күрес және оның алдын алу орталығының мамандары инфекцияның таралу аймағы мен статистикалық көрсеткіштерді келтіріп,  науқастарды емдеудегі әдістерді айтып берді. Мамандардың сөзіне жүгінсек, вирус ауылдық жерлерге дейін тарап кеткен. Одан қалды, егде азаматтар да бұл кеселге душар болып отыр екен. Ауру бес, он жылға дейін білінбейді. Тек қана кешенді тексерістен кейін нақты диагноз қоюға мүмкіндік туады.
Жиын қорытындысында жиналғандар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап ала алды.
Ырысгүл КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар