Ел қуанышы

Бүгін қандай күн?!
Ақ түйенің қарны жарылған күн!
Көкшетауда жаңа мешіт салынған күн,
Тарихтың бір парағы ашылған күн.

Дініне аянбай қызмет етіп,
Азаматтар алғыстан сый алатын күн.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деп,
Ел-жұртым ерекше қуанатын күн!

Бұрынғы әкімдерден бастау алған,
Ердің ісі ескерусіз қалмайтын күн.
«Көкшеде жаңа мешіт ашылды»,
Деген сөз елден-елді шарлайтын күн.
Жұрт қазіргі әкімге де өз алғысын,
Білдіріп, ақ ниет еленетін күн.
Абылай ханның  48 жыл ордасы болған,
Арқа елі қуанышқа бөленетін күн.

Бүгін мұндайды онша елей қоймайтын,
Жандар да бір тебіреніп алатын күн.
Алла тағаланың мейірімі түсіп,
Мешіттің іші нұрға толатын күн!

Бөлеген ТЫНЫБЕКОВ.

Сабынды ауылы,
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар