Жаппай вакцинация басталды

Көкшетауда халықты коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялау басталды. «Рио» сауда-ойын-сауық орталығында ашылған вакцинация бөлмесінде вакцина алуға ниет білдірушілердің қатары кезекке тұрды. Бұдан әрі таңғы 9-дан кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Облыстың кез-келген тұрғыны вакцинаны осы жерден алуларына болады.

«Рио» сауда ойын-сауық орталығында вакцинацияны «Viamtdis» ЖШС жүргізеді. Бұл Көкшетау қаласындағы №1 қалалық емхана. Мұнда мұздатқыштар жоқ болғандықтан, вакцинаны салқын күйінде ұстайтын арнайы ыдыстармен аз-аздап әкелінеді. Бірақ, вакцинация бөлмесі және вакцинациядан кейінгі орындар жабдықталған, онда инъекцияны қабылдаған науқастар алғашқы 30 минут ішінде дәрігерлердің жіті бақылауында болады. Алғашқы күні-ақ, сауда орталығы мен жақын маңдағы базарлардың жүзге жуық қызметкері «Sputnik V» вакцинасын осында қабылдауды ұйғарған. Вакцинациялау алдында олардың әрқайсысы толық медициналық тексеруден өтті. Тек бір әйел адамға ғана медициналық тексерістен кейін  денсаулығына байланысты бас тартуына тура келді.

– Біз барлығымыз вакцина алу мүмкіндігін ұзақ күттік. Өйткені, қалай десекте, халық көп шоғырланатын базарларға, сауда орындарына жиі барып тұрамыз ғой. Біз бұған дейінгі жаппай вакцинация басталған Ресейде қандай керемет нәтижелер бар екенінен әлеуметтік желілер арқылы хабардар болып отырмыз. Мен, әрине, коронавируспен ауырған емеспін және ауырғым да келмейді. Сондықтан, мен шешіміме толықтай ризамын.  Бір айтарым, мен былтыр тұмауға қарсы екпе алғанмын. Енді коронавирусқа қарсы вакцина алып отырмын. Жалпы, мен ешқандай айырмашылықты сезініп тұрған жоқпын, – дейді қауіпті індетке қарсы екпе алған Көкшетау қаласының тұрғыны Анастасия.

«Рио» сауда ойын-сауық орталығынан басқа, кеше облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері жаппай вакцинацияға қатысты 50 мемлекеттік қызметші тікелей жұмыс орнында коронавирусқа қарсы вакцина алды. Жалпы, кез-келген адам вакцина ала алады. Ол үшін адамдар жергілікті емханасына хабарласса жеткілікті. Вакцинациядан кейін бірден сіз электронды үкіметтің веб-сайтына кіріп, «Денсаулық» қойындысын таңдап, ЖСН-ді енгізіп, вакцинация паспортын ала аласыз. Ең бастысы – COVID-19-дан қорғалған сезіне аласыз.

Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,

«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Суреттерді түсірген Айбек ДАНИЯРОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар