Тіл – тұнық ойдың кәусәрі

Көкшетау медициналық колледжінің  «Емдеу ісі» бөлімшесінің І курс студенті Динара Мұқышева Қарағандыда өткен «Тіл – тұнық ойдың кәусәрі» республикалық байқауында өз білімін ортаға салды.

Ол аталмыш байқаудың қалалық, облыстық деңгейде  болған кезеңдерінде өз білімін дәлелдеп, республикалық са-йыста облыс намысын қорғауға жолдама алған болатын. Мұнда ағылшын тілінің мұғалімдері, жоғары оқу орындарының студенттері, Назарбаев зияткерлік мектебінің және қазақ-түрік лицейінің оқушылары өзара бақ сынасты. Сайыс үш кезеңнен тұрып, әр кезеңде үш тапсырма орындау ұсынылды.
Динара Мұқышева өзінің байсалдылығымен, сөйлеу мәнерімен, ой ұшқырлығымен ерекшелене білді. Әсіресе, «Экологиялық мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында жазған эссесі әділқазылар тарапынан жоғары бағаға ие болды. Нәтижесінде байқауға белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен және ақшалай сертификатпен марапатталды.

Бақыт СЕЙДАХМЕТОВА,
колледждің  қазақ тілі
пәнінің мұғалімі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар