Достықты нығайтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай,  «Нұр Отан» партиясы облыстық  филиалының кубогы үшін «Бурабай» спорт сарайында шайбалы хоккейден әуесқой командалар арасындағы халықаралық турнирдің ашылу салтанаты болып өтті. 

Жарысқа  қатысуға Ресейдің Омбы қаласының «Алмаз», Астана қаласының «Барыс-Фанс», Көкшетау қаласының «Арлан-99», «Дизайн Сити»,  Щучинск қаласының «Көкшебел» хоккей командалары тілек білдірді.  
– Мұндай турнирлер екі мемлекеттің достық қарым-қатынасын нығайта түседі. Келешекте спорттың өзге де түрлерінен халықаралық турнир санын көбейтуді көздеп отырмыз, – деді өз сөзінде облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов.
Шарада сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратындағы ұйымдастыру және бақылау департаментінің инспекторы Мәжен Сәрсенбеков, Ресейдегі мемлекеттік Дума депутатының көмекшісі, «Бірыңғай Ресей» бүкілресейлік саяси партиясының аграрлық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Радик Мелиханов, Омбы облыстық хоккей федерациясының президенті Владимир Швец, «Бурабай» спорт сарайының басшысы Ерлан Бөтембаев жүрекжарды тілектерін айтты. Алдымен, мұз айдынына «Көкшебел» мен «Алмаз» шығып, күш сынасты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар