Астана филиалы болды

«Қазпошта» АҚ басқармасы шешімімен 2015 жылғы 1 қарашада «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы Астана филиалы –  «Астана почтамтымен» біріктірілді.

«Қазпошта» АҚ басқармасы Төрағасының  бұйрығымен Мұрат Айтқажыұлы Қазбеков «Қазпошта» АҚ Астана филиалы – «Астана
почтамты» директорының орынбасары, Көкшетау қаласы аймақтық пошта байланысы құрылымының  басшысы болып тағайындалды.
Мұрат Айтқажыұлы Қазбеков 1966 жылы Көкшетау қаласында туған. Екі жоғары білімі бар. Мамандығы қаржыгер-аудитор. Еңбек жолын қаржы саласында бастаған. «Қазпошта»
АҚ-ында Бурабай аудандық пошта байланысы торабы бастығының орынбасары, бастығы болып қызмет атқарды. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «Қазпошта» АҚ Ақмола облыстық филиалы директорының орынбасары болды. Үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар