Малсақ жаннан үлгі алсақ…

Қазақстанға көшіп келген қандастарымыздың бірі – Жанат Шөкей. Ол Бұлақсай ауылына қоныс аударып, бірден мал шаруашылығын дамытуды қолға алды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша үш миллион теңгеге қол жеткізіп, қолдағы малына бірнеше бас жылқы мен қой қосты. Бүгінгі таңда шағын шаруашылығын дөңгелетіп отыр.
– Қазақ елі тәуелсіздік алғанда қуанышымда шек болмады. Ата жұртқа шетелдегі қандастарымыз көшіп келе бастады. Мен де ұрпақ қамын ойлап, бірден өз еліме қоныс аудардым. Келешекке болжам жасадым. Келгеніме өкінбеймін, – дейді Жанат Шөкей.  Биылғы жылы бұлар бірнеше бие сауды. Қымыздан ауылдастары да дәм татты. Мал басын көбейтуді көздеп отырған еңбекқор жан аудандық әкімдіктен шабындық және жайылымдық жер сұрап отыр. Арқаның ұзақ қысында мал азығы мол болуы қажет. Жемшөпті сатып алғаннан гөрі өзі дайындаған тиімді екенін жақсы түсінеді.

Мәулен АХМЕТҚЫЗЫ.
Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар