«Шоқан жұлдыздары» жарқырай түсті

«Көкшетау» мәдениет сарайында Халықаралық студенттер күніне орай,  дәстүрлі «Шоқан жұлдыздары – 2015» ХІ-ші студенттік фестивалі болды.

Студенттік фестивальдің ашылу салтанатында Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдімүтәліп Әбжаппаров құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге игі тілегін білдіре келе, алдағы уақытта да осы бағыттан таймай ғылым мен білімге ұмтыла бергендері жөн екенін жеткізді.
Сондай-ақ, оқу ордасының басшысы  шарада қала, облыс, республика көлемінде білім, өнер, спорттық іс-шараларға және қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, білім мен өнерді қатар ұштастырып жүрген  студенттерді  марапаттады. Бүгінгі таңда 32 студент «Шоқан жұлдызы» атағына лайық деп танылып отыр.
Фестиваль барысында университеттің «Шаңырақ» ұлт аспаптар ансамблі,  «Жауқазын» студенттер театры және жас әншілер мен бишілер  өз өнерлерін көрсетті.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар