Ералы Тоғжанов коронавирусқа қарсы отандық вакцина өндірісі қашан басталатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина өндірісі қашан басталатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл мәселемен Білім және ғылыми министрлігі жетекшілік ететін Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институты айналысады. Мәселе өте күрделі. Әлемнің ең жетекші елдерінің өзінде меншікті вакцина жоқ. Аталған институттың қызметкерлері инактивтелген вакцина жасап шығарды және ол қазіргі уақытта өндіріс сатысында тұр десек те болады. Халықаралық GMP стандартына сай келеді. 21 сәуірде зерттеудің 50 пайыздық деңгейі толықтай аяқталады», – деді Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, вакцинаны зерттеудің 50 пайыздық деңгейі аяқталғаннан кейін өндірісті іске қосуға болады.

«Бүгінде аталған ҒЗИ-дің мүмкіндігі 50 мың дозаны құрайды. Олар алғашқы вакцинаны өндіру үшін барлық мүмкіндіктерін жұмсады және шамамен 21 сәуірде толық дайын болады. Осыдан кейін Денсаулық сақтау министрлігі клиникалық зерттеулердің барлық үш сатысы негізінде қорытынды беруі тиіс. Бұл процестерге 5-7 күн қажет. Меніңше, Қазақстан 25-27 сәуір күндері өзінің алғашқы вакцинасын алады. 50 мың – бұл да өндіріс», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Дереккөз: inform.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар