Сурет болып өрілген

Облыс орталығындағы Әдебиет және өнер музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған  Бурабай ауданының қолөнер шебері, суретші  Ольга Климованың «Великолепие рук творенья» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті.

Көрмеге автордың салған суреттерімен қатар, жүннен жасалған картина, гравика және гобелен қойылған. Шебердің әр жұмысы дархан даламыздың табиғатын көрсетумен бірге ұлттық нақышта жасалғаны көз сүйсінтеді. Сондай-ақ,  туындылар әр адамға сұлулық пен сезімнің әсерлі сырын береді.
Көрменің ашылу салтанатында музей директоры Нұрбек Нұралы қолөнер шеберінің туындыларына баға беріп, Алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ, атаулы шараға шебердің ұстазы, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Көкшетау қаласының суретшілер одағының төрағасы Юрий Попов қатысып, шәкіртіне жүрекжарды лебізін білдірді. Өз кезегінде Ольга Климова көрмені көруге келген қонақтарға гобелен тоқудың қыр-сырын үйретіп, шеберлік сабағын ұйымдастырды.

Ырысгүл КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар