Таңдаулы жобалар

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Андрей Бегенеев «Көкшетау» мәдениет сарайында жас ғалымдар мен кәсіпкерлер арасында өткен «AKMOLA POWER» инновациялық жобалардың облыстық екі конкурстың тұсаукесер салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, ұсынылған жобаларға назар аударды.

Шараны облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Қазақстан Инноватионс» қоғамдық қоры ұйымдастырды. Ортақ іске облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, облыс жастарының ресурстық орталығы мен «Шағын ЭКСПО-2015» ұйымы белсене атсалысқанын айта кеткен ләзім.
Конкурсқа қатысушылар инженерлік-техникалық, ақпараттық технологиялар, өндірістік жұмыс, қуат үнемдегіш технология, экология және табиғатты пайдалану салаларының бастамашылары аталымдары бойынша ғылыми негізделген идея, білім беру, ғылыми және инновациялық үдерістердің жобалары ұсынылды. Екі конкурста 45 жобаның тұсауы кесілді. «AKMOLA POWER» жобалары мен инновациялық идеялардың жастар арасындағы конкурсына 20 өтінім берілген. Олардан15 үздік жоба таңдалып алынды. Сондай-ақ, шағын «ЭКСПО-2015» конкурсына 30 өтінім қабылданып, қатыстырылды. Конкурсқа Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті мен Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ғалымдары,  жас кәсіпкерлер, медициналық колледж студенттері мен №5 орта мектептің оқушылары жиналды. Шағын «ЭКСПО-2015» конкурсына әр жастағы өз инновациялық идеялары бар барлық тілек білдірушілер келді.
Жиналған жұрт алдымен, шағын «ЭКСПО-2015» инновациялық жобаларымен, кейін «AKMOLA POWER» жобаларымен және конкурсқа қатысушылардың инновациялық идея жұмыстарымен танысты. Шара соңында аталмыш конкурстардың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты болып өтті. Қосалқы қуат көзі аталымын Бурабай Марамов, қалдықтарды қайта пайдалану аталымын Мұрат Қариполлаев, ауыл шаруашылығы экологиясы аталымын Илдар Богапов, жасыл әрі қуаты тиімді құрылыс аталымын Нұрсұлтан Рахметоллаев жеңіп алды. Өзге де аталымдар бойынша көптеген өнертапқыштар марапатталып, шара соңында жиналған жұрт шағын концертті тамашалады.
Рамазан БАЯҚҰЛЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар