Жүйесін тапқан сөз жақындастырады

 Таяуда Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әлем мәдениеті мен келісімі» екінші халықаралық медиа-форумының қорытындысына орай, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты өткізілді.

  Аталмыш шараға бұқаралық ақпарат құралдарының, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Біріккен Араб Әмірлігі, Қытай Халық Республикасы, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Беларусь тәрізді сегіз елден келген халықаралық сарапшылар әлемде орын алып отырған жағдайларға жан-жақты талдау жасай келе, журналистердің жауапкершілігін күшейту бағытында келелі пікірлер айтты. Талқылаулар бірнеше тақырыпты қамтыды. Пленарлық сессияда сөз алған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мәулен Әшімбаев, Ахмет Мурадов, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халықтары Ассамблеясы секретариатының сектор меңгерушісі М.Шанаи, әзербайжандық саяси журналист Т.Аббасов, «Аль-Арабия» телеканалының жүргізушісі, саясаттанушы Басель Хадж Джасем және басқалары өз пікірлерін білдірді.          
«Қоғамдық келісім және жалпыхалықтық бірлікті бекем етудегі баспасөздің рөлі» деген тақырыпта сөз сөйлеген қазақстандық және шетелдік сарапшылар әлемдік кеңістіктегі қазақстандық тәжірибенің ұтымды тұстарына тоқталды. Танымал журналист Нұртөре Жүсіп этножурналистикада қателікке жол берудің соңы үлкен кикілжіңдерге соқтыруы мүмкін екендігін, сондықтан, кез-келген ақпарат жан-жақты зерттелуі қажеттігіне тоқталды. Медиа-форум әр жыл сайын өтетін шығармашылық конкурс жүлдегерлерін марапаттаумен аяқталды. Олардың арасында әріптесіміз, облыстық «Акмолинская правда» газетінің бөлім меңгерушісі Александра Мякота да бар.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар