1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаулар

Құрметті жерлестер!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы да көреген саясаты арқасында  Қазақстан ұлтаралық ынтымағы жарасып, тиімді нарықтық экономикасы  өркен жайған елге айналды. Тұрғындардың әл-ауқаты көтеріліп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері де жақсарып келеді. Халық өзінің дұрыс таңдауын жасап, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты тұңғыш Президент етіп сайлаған алғашқы бүкілхалықтық сайлаудың өткеніне де биыл жиырма төрт жыл толады. Сонау 1991 жылдың 1 желтоқсанында  елімізді дамытып, өркендетудің негізі қаланып, тәуелсіз Қазақстанды мемлекет ретінде қалыптастырудың  бағыт-бағдары анықталған еді.
Тұңғыш Президентпен бірге біз қым-қуыт қиын күндерді де артқа тастадық. Оның дана басшылығымен тәуелсіздік жылдары қазақстандықтардың санасында  ертеңгі күнге деген сенім сәулесі ұялап,  бүгінде Қазақ елін бейбітсүйгіш және өркендеудің даңғылына түскен мемлекет ретінде бүкіл әлем таниды. Мемлекет басшысының еліміздің саяси тәуелсіздігін нығайтып, экономикада нарықтық қатынастардың іргетасын қалап,  халықаралық саяси әріптестерімен терең де, мықты қарым-қатынас орнатудағы қызметі оның нағыз Ұлт Көшбасшысы екенін дәлелдей түседі.
Барлық ақмолалықтарды осынау айшықты оқиға – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, бейбітшілік пен табыс, бақыт пен береке тілеймін.
 Сергей Кулагин,
Ақмола облысының әкімі.

 

 

Қадірлі ақмолалықтар!
Сіздерді шын жүректен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын!  
Бұл барлық көпұлтты Қазақстанның мерекесі. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық таланты, данышпандығы, мақсаттарға қол жеткізудегі табандылығының арқасында біздің мемлекетіміздің тәуелсіз тарихы басталғанын ерекше мақтанышпен ұғынамыз.  Тәуелсіз Қазақстанның барлық жетістіктері әлемдік ауқымдағы көрнекті саясаткер ретінде біздің Президентіміздің атымен байланысты. Оның барлық әрекеттері өз еліне және өз Отанына қызмет етудің айқын үлгісі болып табылады.   Мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясатының арқасында біздің мемлекеттің әлемдік қауымдастықта қадірі артты және онда өзінің лайықты орнына ие болды.  
Осы күні Сіздерге шын жүректен отбасының амандығын, мықты денсаулық және бақыт тілеймін. Отанымыз – Қазақстан Республикасы дами берсін, нығайып, гүлдене берсін!
Дулат  НҰРМОЛДИН,
облыстық мәслихаттың  хатшысы.                                                     

 

 

 

Қымбатты ақмолалықтар!
Сіздерді тәуелсіз Қазақстан тарихындағы айрықша мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнімен құттықтаймыз!
Бір ел, бір тағдыр, бір мақсатқа біріккен Қазақстанды Ұлт Көшбасшысы жарқын болашаққа бастап келеді. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, оның әлеуметтік-экономикалық өрлеуі, халықаралық және өңірлік бағдарламалар аясындағы жемісті қызметі, күн өткен сайын әлемдік ауқымда артып келе жатқан абыройы ең алдымен Елбасымыз, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.
Шын жүректен барша облыс тұрғындарын осы жарқын мерекемен құттықтап, дендеріңізге саулық, әр жанұяға бақыт, армандарыңыздың орындалуына тілектеспіз. Еліміз тек көркейе берсін!
 «Нұр Отан» партиясы
Ақмола облыстық филиалының Саяси кеңесі.

 

 

 

Құрметті ақмолалықтар!
1 желтоқсан – тұңғыш Президент сайлауында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың барша қазақстандықтардың зор сеніміне ие болған күні. Тұтас ел мен халықтың сеніміне ие болу арқылы Елбасы өзіне жүктелген бар жауапкершілікті айқын сезіне отырып, өз елі мен халқының тағдырын анықтауда, барлық қазақстандықтардың татулығы мен бірлігін қамтамасыз ету жолында перзенттік те, президенттік те борышын адал атқарып келеді.
Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тарихында тұңғыш рет ел шекарасын анықтап, оны заңдастырды, Еуразия біртұтас кеңістігін қалыптастырудағы және Шанхай ынтымақтастық ұйымын құрудағы, Семей атом сынақ полигонын өз Жарлығымен жауып,  ядролық қарудан өз еркімен бас тартып,   ядросыз әлем құрудың  бастамашылы  болды.   Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жетінші Саммиті 2010 жылдың 1-2 желтоқсан күндері  Астана қаласында өткізіліп, Қазақстан Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына төрағалық етті,  Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің кездесулері Астана қаласында тұрақты өткізіліп  келеді. Мұның бәрін сөз жоқ, біздің Тұңғыш Президентіміздің әлемдік және халықаралық зор беделінің айқын айғағы деп білеміз.
Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтай отырып, қазіргі әлемдік дағдарыс жағдайында Қазақстанның алдында тұрған әлеуметтік- экономикалық міндеттерді ойдағыдай шешу үшін ел бірлігін нығайта отырып, жаңа табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!
Рәшит Әкімов,
 Жабал Ерғалиев,
Парламент Сенатының депутаттары.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар