Инвестиция тарту – істі алға бастыру кепілі

 Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауы да негізінен халықтың әл-ауқатын жақсарта түсуге, ол үшін бірінші кезекте қандай мәселелерді шешу керектігіне бағытталған.

Ал, ең бастысы, оларды қалай жүзеге асыру қажеттігі, қандай істерге жете мән беру керектігі нақты көрсетілді.
Бұл орайда әсіресе, әлеуметтік мәселелерге жете көңіл бөлінгендігі, зейнетақының мүмкіндігінше көбейте түсу, инвестиция тарту, жекешелендіру сынды кезек күттірмес жайларды шешу қажеттілігі баса айтылғандығы қуантады. Президент атап өткендей, бүгінде «мұнай бар – не қам бардың» заманы өтіп кетті. Яғни,  әлемдік нарықта  мұнай, металл бағасы күрт төмендеп кеткен жағдайда үнемшілдік пен бюджетті оңтайландыруға, қарапайым тілмен айтқанда, «көрпеңе қарай көсілетін» кез келді. Бірақ, бұдан ел үшін маңызды жобалар қысқарады деген ой туындамаса керек.
Елбасы бұл орайда,  2015-2017 жылдары жыл сайын Ұлттық қордан 3 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы бөлінетіндігін айтты. Дегенмен, ол қаржының да әр
тиыны тиімді жұмсалуы тиіс. Сондай-ақ, инфрақұрылымдар мен жол мәселесі де күн тәртібінен түспейді.
Жолдауда ерекше назар аударылған тағы бір мәселе – ел экономикасына қатыстырылмай отырған қаржыларды заңдастыру.
–Алғашқы капиталдың жинақталуы көп жағдайда заңға қайшы болып келетіндігі белгілі, – деді Елбасы өз сөзінде. – Бүгінде мол қаржысы бар азаматтар көп. Сол қаржыларыңды ел экономикасын көркейтуге жұмсайтын кездерің келді. Ал, 2017 жылдан бастап қаржы көздерінің қайдан пайда болғандығы түбегейлі тексерілетін болады. Яғни, бүгіннен бастап ойлану қажет.
Шынында да, шетелдік банктерде, басқа да офшорлы аймақтарда шоғырланған қаржы ел экономикасына жұмсалса біраз істің басын қайтару болар еді.
Президент бұл жолғы Жолдауында да «Қаржы дағдарысы келеді, кетеді. Бұл жалпы әлемдік экономикада қайталанып тұратын үрдіс» деді. Сондықтан, осындай қиындықтарда шыңдалып, бәсекелестікке төтеп беру жағын ойластыру керектігіне баса назар аударды. Жалпы, Жолдауда айтылған қадау-қадау мәселелердің бәрі де халықтың әл-ауқатын жақсарта түсуге бағытталған деуге негіз бар.

 

Егор КАППЕЛЬ,
Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің депутаты

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар