Мәңгілік ел мұраты

 Тәуелсіз елімізді дамудың даңғыл жолына бастайтын тағы бір саяси маңызды құжат халыққа жол тартты. Ол – күні кеше барша қазақстандық көгілдір экран алдында ұйып тыңдаған Елбасымыздың Жолдауы.

  Шыны керек, әлемнің алпауыт елдері бір-бірімен текетіресіп, ғаламды терроризм мен экстремизм қаупі жайлап, оған бүкіләлемдік дағдарыс қосылып жатқанда болашаққа болжам жасаудың өзі қиын. Бірақ, біздің Елбасымыз ең маңызды әрі дұрыс шешімдерді осындай сындарлы кезеңде қабылдайтындығын білеміз. Ал, туған халқымен қоса, өзгелердің де қамын жеу тек жүрегі кең, батыл жандардың ғана қолынан келеді. Мінеки, Президентімізді  басқалардан ерекшелеп тұрған да осы қасиеті.
Бұлай дейтін себебім, бұл жолғы Жолдауда Мемлекет басшысы қазақстандықтарға елдің қай бағытта дамитынын, не нәрсеге назар аудару қажеттігін айта келе, Ресей мен Түркия мемлекеттерінің арасында туындаған дау-дамайға өзінің жеке көзқарасын білдірді. Жүректен шыққан бұл алаңдаушылық сезім татулық пен бейбітсүйгіштіктің белгісі емес пе? Қашанда  әділдікті жақтау, қос тарапты ымыраға шақыру ата-дәстүріміз арқылы қанымызға сіңген асыл қасиет. Президентіміз атап өткендей, расында да, дағдарыс, экономиканың әлсіреуі – мұның барлығы уақытша құбылыстар, ал, тәуелсіздік пен ұлт мұраты – мәңгілік болып табылады. Біртұтас ел екенімізді әркез мақтан тұтып, жаңа жетістіктерге жете берейік.     

Ильяс КӘКІМ,
Көкшетау қалалық сотының судьясы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар