Мереке қарсаңында пәтердің кілтін алды

Кеше Тұңғыш Президент күніне орай, көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен елді мекендердің тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді.

Целиноград ауданының Ақмол ауылында Жаңажол, Оразақ және Ақмол елді мекендерінің тұрғындарына арналып 45 пәтерлі үй салынған болатын. Салтанатты рәсімде жаңа пәтерлерге ие болған тұрғындар қиындықты жеңуге қамқор қолын ұсынып, қысқа мерзім ішінде жылы да жайлы тұрғын үй салып берген мемлекетке ақ алғыстарын жолдауда. Тұрғындарға пәтер кілттері табыс етілген соң бәрі жаңа үйді  аралап көрді.
Осы ауданның Қосшы ауылында да көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындар мереке қарсаңында жаңа пәтерлерге ие болып, қуанышқа кенелді. Қосшы ауылында салынған 45 пәтерлі көп қабатты үй Ағанас пен Қызылжар ауылдарының тұрғындарына берілді. Жайлы пәтерлерге қоныстанған ауыл тұрғындары өздерінің жүрекжарды алғыстарын білдіруде. Осы бір ақжарылқап күннің Тұңғыш Президент күнімен орайлас келуі шаттықты тіпті еселей түскендей.
Үстіміздегі жылдың мамыр айында су тасқынынан зардап шеккен Целиноград ауданының Оразақ ауылында жүз екі пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталып, бүгінгі күнге дейін оның 186-сы пайдалануға берілгендігін айта кеткен ләзім. Қалған 14-і таяуда табыс етіледі.

Ақмола  облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар