Бірлік бар жерде тірлік бар

Бүгінгі дағдарыс  зардабы әлем жұртшылығын ғана емес, қазақстандықтарды да алаңдатып отыр. Жетекші державалардың теке-тіреске түсіп, бір-біріне санкциялар жариялап, дау-дамайға ұрынуы әлемдегі тұрақсыздықтың  белең алуына әкеліп соқты.

«Жаһандық дағдарыс – ол тек қауіп қана емес, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер» деп атап көрсетті Елбасы өзінің «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында.
Елбасының осы сөзінің астарында да бүгінгі қиындықтардан шығудың қам-қарекеті жатыр. Ол ынтымағы жарасқан еліміз бір  мүдде, бір мақсатқа  жұмылғанда ғана жүзеге асады. Бірлік пен татулық – біздің әу бастағы асыл құндылығымыз болып келеді. Қазіргідей қиындық атаулы етектен тартқан сындарлы тұста мұның маңыздылығы  айтпаса да түсінікті.
«Келе жатқан күрделі  кезең  біз үшін  еңсеру кезеңі болады. Біз жаңа жаһандық дағдарысты  міндетті түрде жеңеміз. Бұл үшін бізде біртұтас ерік-жігер, халық бірлігінің берік дәстүрлері бар», – деді
Елбасы тағы да аталған Жолдауында.
Расында мұндай қиындықтар бұрын да болған, әлі де болуы мүмкін. Өткен жылдардың тәжірибесі одан ойдағыдай шыға алатынымызды көрсетеді. Бұл үшін тек табанды қайрат, мұқалмас жігер танытуы-
мыз керек.  Мемлекет басшысы нұсқаған «Мәңгілік ел» мұраты да осы.  Еңселі ел болудың үлгісін небір тығырықтан жол таба білген ата-бабаларымыз да жақсы аңғартып кеткені белгілі. Бірлігіміз бекем болып, ынтымағымыз жараса түссе, діттеген мақсатымызға жететініміз анық.  
Экстремизм мен лаңкестіктің ошағы да әлемге жайылып барады. Бұл бәрімізге үлкен сынақ. Жер бетінде мұндай жат пиғыл ешқашан өз үстемдігін жүргізбеуі тиіс. Тәуелсіз еліміздің болашағы баянды болуы бәрімізді жете ойландырып,  иманды қоғам құру үшін бар күш-жігерімізді  жұмсай білсек, көшіміз бұдан да өркенді боларына  сенім мол. Елбасы Жолдауы осыған біздің көзімізді анық жеткізе түседі.  
Қанат ҚЫДЫРМИН,
ҚМДБ-ының Ақмола облысы
бойынша өкілі,
Науан Хазірет атындағы Көкшетау орталық мешітінің бас имамы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар