Ескі үлгідегі ақша ауыстырылатын болды

 

Ақмола Медиа орталығында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Ақмола филиалының директоры Бектұрған Бозтериев баспасөз мәслихатын өткізіп, облыстық қаржы нарығындағы жағдайды айтып берді.

 

Филиал директорының айтуынша, бүгінгі таңда өңірде тұтынушылық бағасының индексі 109 пайызды құраған. Бұл өткен жылғы сәйкес мерзімнен жоғары. Еліміздегі валюталық алтын қоры 92,6 миллиард АҚШ долларын құрады. Оның ішінде Ұлттық банкі жалпы халықаралық қоры 28,7 миллиард  доллар, Ұлттық қордың активі 63,9 миллиард доллар. Облыста 116 валюта айырбастау орны жұмыс істейді. Бұлар жыл басынан бері 205 миллион АҚШ долларын, 12,7 миллион еуро және 8935,8 миллион рубль сатты. АҚШ долларын сату көлемі азайғаны байқалады. Жыл басында рубльді сату 3 есе өсті. Жыл соңында теңгені рубльге
айырбастау бағамы өзгерді.
Өңірдің банктеріндегі несиелік салым көлемі 176,8 миллиард теңге болды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда біршама артық. Банктердің жеке тұлғаларға несие беруі 50,5 па-йызды құрады. Шетел валютасынан гөрі теңгемен берілетін несие мөлшері артып отыр. Несиелерді долларға айырбастау деңгейі 15,7 пайызға жетті. Үкімет пен Ұлттық банк әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарды қолдау үшін шара қолдануда. Ұлттық банк басқармасы бекіткен қаулысымен ипотекалық тұрғын үй займдарын қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша ипотекалық несиелер үшін 130 миллиард теңге бөлінді. Бұл бағдарлама бойынша жыл басынан бері облыста 342 өтінім қабылданды. Оның 216 өтінімі мақұлданып, 163-і қайтадан қаржыландырылды.
Бағдарламаны жүзеге асырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қарыз алушылардың арызын қарайтын комиссия құрылып, құрамына Ұлттық банк, құқық қорғау органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Тамыз айынан бері комиссияға ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайтадан қаржыландырмаған банктер жөнінде 36 өтініш түсіпті. Осы орайда, комиссияның он отырысы өткізіліп, бірқатар өтініштер қаралды. Тұрғындарды қолдау шараларының бірі – жеке тұлғалардың жедел салымы бойынша бағам айырмашылығының төлемі болып табылады. Есеп-шоттарына 1 миллион теңгеге жуық қаржысы бар жеке тұлғалардың жедел депозиттері бойынша төлем төленеді. Бір жыл бойы банктің арнайы есеп-шотында депозиттері сақталған азаматтардың бағам айырмашылығы төленбекші. Аталмыш төлем тетігінің мақсаты – салымшыларды қолдау. Облыс банктеріндегі депозиттердің жалпы көлемі 90,4 миллиард теңгені құрады. Депозиттердің жалпы сомасындағы жеке тұлғалар депозиттерінің үлесі 86,5 пайыз. Жыл басынан бері депозиттер 42 пайызға өсті. Тұрғындардың шетел валютасымен салған депозиттерінің үлесі 49 пайыздан 62 пайызға дейін. Бұл депозиттердің өсуі теңгені айырбастау бағамының өсуіне тікелей байланысты.
Биылғы жылдың 31 желтоқсанында 2006 жылғы үлгідегі 2000, 5000, 10000 теңге айналымнан алынып тасталады. Жаңа жылдан бастап ескі үлгідегі ақша заңды күшін жояды. Дегенмен, бұл ақшаны екінші деңгейдегі банктер 3 жыл бойы қабылдап, Ұлттық банк филиалына тапсырады. Ал, Ұлттық банк филиалы ескі ақшаны 4 жыл бойы қабылдайды.

 

Рамазан ТІЛЕУОВ

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар