20 000 теңгелік банкнот шығарылды

 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап номиналдық құны 20 000 теңгелік банкнотты айналысқа шығарды.

  Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады. «Бұл банкнот 2013 жылы дайындалған. Басқа ақша белгілерімен қатар, айналысқа шыққан кезеңнен бастап ол заңды төлем құралы болып табылады және төлемдер мен ақша аударымдарының барлық түрлерінде қабылдануға міндетті», – делінген хабарламада.
Банкноттардың дизайны айналыстағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде орындалған: бет жағының басым бейнелері тігінен, ал сырт жағында көлденең орналасқан. Банкноттың басым түсі көк-сұр. Бет жағында негізгі бейнелер «Қазақ Елi» монументі, пырақ және «Мәңгілік ел» салтанатты аркасы бейнеленген. Банкноттың жоғарғы сол жағында пырақ бейнеленген, ол түркітілдес және көшпенді халықтарды қоса алғанда, көптеген мәдениетте таза нұр мен өмірдің, шабыт пен жемісті еңбектің, мақсатқа ұмтылушылық пен биліктің нышаны ретінде қабылданады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар