Іске серпін бермекші

 

Ақмола Медиа орталығында  Астана қаласында өткен Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығының 20 жылдық мерейтойына арналған IV еуразиялық әйелдер саммитінің қорытындылары бойынша баспасөз мәслихаты болып өтті.

 

Жиында  саммитке қатысқан  облыстық мәслихаттың депутаты,  «Той дастархан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Елена Мащинская, Ақмола облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы төрайымының міндетін атқарушы Дәмелі Қойшина, «Сбербанк» акционерлік қоғамы филиалының директоры Әсел Махмұтова  атаулы жиыннан алған әсерлерімен бөлісті.
Шараға облысымыздан он жеті нәзікжанды қатысып, онда  жобаларды қаржыландырудағы кедергілер, несиенің пайыздық мөлшерін төмендету сынды тақырыптар төңірегінде келелі әңгіме өрбіген. Қатысушылар саммиттен соң болашаққа деген жоспарларын жаңа идея-
лармен толықтыра түскендерін және осы  мақсатқа жету үшін тыңғылықты жұмыс істейтіндерін айтты. Мәселен, Дәмелі Қойшина алдағы уақытта  «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жанынан «Әйелдер көшбасшылығы мектебінің» жұмысын жалғастырмақ. Бұл кәсіпкерлікте әйелдердің үлесін арттыруға септігін тигізеді деп күтілуде.
Жиын соңында бұқаралық ақпарат өкілдері өздерінің көкейкесті  сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар