Адал жол – жемқорлықтан арылу жолы

9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай, «Достар» мәдениет сарайында «Адал жол» облыстық жемқорлыққа қарсы форумы болып өтті.

  Үстіміздегі жылдың мамыр айында облысымызда «Адал жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны бастау алған болатын. Соның аясында өңіріміздің Көкшетау және Степногорск қалалары мен барлық аудандарында 300-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, оған 23 мыңнан астам адам қатысты. Мемлекеттік қызметшілер мен қоғамдық  ұйым өкілдерінің басын қосқан облыстық форумда аталмыш марафонның қорытындысы шығарылды.  
Замана індетіне айналған жемқорлықпен күресте жоғары азаматтық позиция ұстанып, ұйымшылдық танытқаны үшін Есіл ауданы жүлделі бірінші орынмен және ақшалай сертификатпен марапатталса, екінші және үшінші орындарға және тиісті ақшалай сыйлықтарға атбасарлықтар мен жарқайыңдықтар ие болды. Сол сияқты, Егіндікөл, Жақсы, Целиноград және Ерейментау аудандары Алғыс хаттармен марапатталды. Шортанды аудандық мәдениет үйінің суретшісі Бектас Кәрімұлы да жемқорлыққа қарсы марафонға белсене қатысқаны үшін арнайы сыйлықпен атап өтілді.
Ақмола облысы әкімі ап-паратының басшысы Мұратбек Тақамбаев сөз сөйлеп, жем-қорлықпен күрес еліміздегі әр азаматтың міндеті екенін тағы бір еске салса, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті  басшысының орынбасары-тәртіптік кеңес төрағасы Қуаныш Жапақов марафонға қатысқан барлық азаматтарға ризашылық сезімін білдіріп, Целиноград ауданына қарасты №5 Ақмол орта мектебінің
11 сынып оқушысы Нұрсұлтан Қабдоловтың қолынан «Адал жол» марафонының басты нышаны естелік кітапты салтанатты жағдайда қабыл алды. Кездесу соңы «Достар» мәдениет сарайы көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасына ұласты.      
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген Вячеслав ГУБАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар