Алаяқтық жиілеп тұр

 Облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Руслан Назаров баспасөз мәслихатын өткізді.

  Жиында келтірілген мәліметтер алаяқтардың арбауына түсіп, алданып қалатын тұрғындардың азаймай отырғанын көрсетіп берді. Жыл басынан бері облыс аумағында жеке басқа қарсы 9367 заң бұзушылық тіркелсе, оның ішінде 743 қылмыс түрін алаяқтық фактілері құрайды. Бүгінгі күнге дейін тәртіп сақшылары ұрлық, мүлікті тонауға қатысты 321 құқық бұзушылықтың бетін ашып үлгерген.
Жалған телефон қоңырауларына сеніп қалу, сөйтіп бар жиған-терген ақшаларын бұзақыларға бере салу секілді қылмыстар жыл сайын қайталанып келеді. Ал, соңғы бірер айда банкоматтардың жанында ұрлық жасау, банктен ақшаларын алған қарт кісілерді алдап кету фактілері үдей түскен екен. Осыған байланысты  тұрғындардың өздері де  сақ болуы тиіс.  
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар