Жақсының ақ жолы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек адамы әрқашан құрметке лайық деп жүр ғой, өзінің ерен ұмтылысымен үлкен биіктерге көтерілген сондай жандардың бірі – Ибатолла Дайырұлы Арыстан екені айдан анық.

Ибатолла 1939 жылдың 15 желтоқсанында Көкшетау облы-сының Сәуле ауылында дүниеге келді. Өзінің туған анасынан бір жарым жасында қалған ол, әр туыстың қолында болып, бала кезінде қиыншылық көрсе де, өзінің құдай берген өжеттілігінен оқу жасына жетті. Ақсу руднигінде 10 жылдық мектепті бітіргеннен кейін Қарағанды қаласына барып, политехникалық институтқа оқуға түскен болатын. Сол жерде аспирантураны бітіріп, кандидаттық диссертация қорғады.
1967 жылдан осы уақытқа дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің кен байыту орындарын қазып-игеру кафедрасында үзіліссіз жұмыс істеп келеді. Кафедраның профессоры және тау-кен институтының директоры. 150 ғылыми мақаласы мен 11 авторлық куәлігі бар. Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі.
Жемісті еңбегіне орай, «Ерен еңбегі үшін» медалі және басқа да бірнеше медальдармен, құрметті атақтармен марапатталды. Елбасының қолынан «Парасат» орденін алды. Арқаның абзал азаматы былтыр 75 жасқа толса да, әлі сол институтта қызмет атқарып жүр. Елде жүргенде орта мектепте өзін көрсете білгендігін өз басым анық білетінмін. Өте таза, ақкөңіл жігіт болатын, міне, осы күнге дейін сол қалпынан айныған жоқ. Менің осы жолдарды жазып отырған себебім, Еңбекшілдер ауданында, Ақсу руднигінде Ибатолланы білетін азаматтар көп.
Міне, солардың атынан өзі ақынжанды, білімі терең, көңілі кең Ибатолла Дайырұлы мен жан жары Алмаға және балаларына бақыт тілейміз. Кішкентай Ақсу руднигінде он жылдық мектепті бітіріп, бүгінгі үлкен өмір жолын бастаған абзал азаматымыздың денсаулығы мықты, мерейі үстем бола берсін.

Тоқтамыс САҒИЕВ,
Ақмола облыстық
ардагерлер кеңесінің мүшесі,
Степногорск қаласының құрметті азаматы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар