Алаштың абызы еді

11 желтоқсан күні қазақ халқы һәм қазақ әдебиеті аса ауыр қайғыға душар болды. Кемеңгер тұлға, ірі қоғам қайраткері, айрықша дарынды жазушы Әбіш Кекілбаев өмірден озды.  

Әбіш Кекілбайұлы 1939 жылдың 6 желтоқсанында бұрынғы Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданына қарасты Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған.
Өзінің саналы ғұмырында Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып қызмет істеді.
«Үркер», «Елең-алаң» романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылды. Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының иегері. «Отан», «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордендерімен марапатталып, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін» сыйлығына ие болған. Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы, Маңғыстау облысының құрметті азаматы Әбіш Кекілбаевтың өмірден өтуі Алаш жұртының қабырғасын қайыстырып кетті. Соның ішінде, біз, «Арқа ажары» газетінің ұжымы да бармыз. Жаныңыз жәнатта болып, иман байлығын берсін, ардақты Әбіш аға!
Ақмола облыстық «Арқа ажары» газетінің ұжымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар