Зардап шеккендер жоқ

7 желтоқсанда, күндіз Талапкер селолық округіне қарасты №96 разъезде салынып жатқан мектептің қазандығы жарылды.

Білім ошағы әлі пайдалануға берілмеген. Құрылысты «Алмат Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Қазандық «Күншуақ» балабақшасын да жылумен қамтамасыз еткен. Жарылыс кезінде ешкім зардап шеккен жоқ. Балабақша  қалыпты жұмыс істеп тұр.
Ал, қазандықтың өзінде кірпіштен қаланған қабырғасы мен шатыры бүлінді. Мұндағы КСВР-065 маркалы қазандықты «Щучье қазандық механикалық зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шығарған. Алдын ала болжам бо- йынша қысым тетігі істен шығуы мүмкін. Қазір жылу қосымша электр құрылғылары арқылы беріліп тұр. Жарылыстың себеп-салдарын анықтау үшін аудан әкімінің орынбасары Б.Оспанбекова
жетекшілік ететін  жұмыс комиссиясы құрылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар