Боздақтарға – ескерткіш

Тән жарасы жазылса да, жан жарасы жазылмаған сұрапыл соғыстың өткеніне де биыл жетпіс жыл. Осынау айтулы жылы жер-жерде ел қорғаған ерлерге құрмет көрсетіліп, тағзым етілуде.

Жақында Жамбыл ауылында жергілікті орта мектеп алдындағы алаңға  Ұлы Отан соғысы қатысушыларына арнайы ескерткіш тақта  орнатылды. Онда ел басына күн туғанда қолына қару алып, майданға  кеткен жамбылдықтардың есімдері тасқа қашалып жазылды. Соғыс жылдары бұл ауылдан барлығы 116 адам  ел қорғауға аттанып, оның 68-і майдан даласында қаза тапса, 48-і ғана туған жер төсіне аман-есен оралған екен.
Ескерткіш тақтаның ашылу рәсімінде аудан әкімінің орынбасары Мейрам Қожахмет, аудандық ардагерлер кеңесінің  төрағасы Сағынтай Сейітжанов, Николаев селолық округінің әкімі  Елена Лысенко және тағы басқалары сөз сөйлеп, Ұлы Жеңістің тағылымы жайлы әңгіме қозғады.
Осы игі іске бастама көтеріп, қаржылай қолдау жасаған «Табыс» серіктестігінің директоры Жанат Елубаевқа, жеке кәсіпкерлер Сабыр Дүйсекеев пен Ойрат Молдашевқа ел атынан ризашылық білдіріліп, Алғыс хаттар табыс етілді.
Ал, шара соңы  соғыста ерлікпен қаза тапқан, елге аман оралып,  қайтыс болған майдангерлердің рухына арналып құран бағышталып, ас берумен аяқталды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Астрахан ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар