Қауіпті жүктерді тасымалдау ережесі бар

Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясында өткен дөңгелек үстел мәжілісінде Қазақстан Республикасы аумағында қауіпті жүктерді тасымалдауға қатысты заң талаптарының сақталуын қадағалау шаралары әңгіме өзегіне айналды.

Кездесуді аталған инспекцияның бөлім басшысы Хабдырахман Шержанов жүргізіп отырды. Ол өз баяндамасында автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау саласындағы заңнама талаптарын түсіндіру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Үстіміздегі жылдың он бір айында көліктік бақылау бекеттерімен 5596 автокөлік құралы тексерілген екен. Соның ішінде 422 көлік қауіпті жүктерді тасымалдаған болып шықты. Тексерістер нәтижесінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, 35 әкімшілік іс қозғалғаны да айтылды.
Сонымен қатар, қауіпті жүк тасымалымен айналысатын жүргізушілерді оқытатын және куәлік беретін «Нұр-Дан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алпысбай Кәркенов сөз алып, қауіпті жүк тасымалдаудың ережелері, жүргізушілерге қойылатын талаптар жайлы айтып өтті. Нақтырақ тоқталсақ, ондай көліктерге жанармай бекетінен алысырақ, яғни, шамамен жиырма метрден астам жерде тоқтау керек. Ол үшін жанармай бекеттерінде жеңіл автокөліктер тоқтайтын жерден бөлек, арнайы тұрақ болуы шарт. Өкінішке орай, облысымыздың аумағында ондай жағдай қарастырылмаған екен. Көмір, жарылғыш заттарды, тез жанатын шикізат түрлерін арнайы рұқсат қағазынсыз оңды-солды тасымалдауға тағы болмайды. Дөңгелек үстелге қатысушыларға осы жайттар жан-жақты хабардар етілді.
  «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар