Өнерлі жастар баршылық

Облыс орталығындағы «Көкшетау» мәдениет сарайында облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Мен әртіспін» байқауының ақтық кезеңі және гала-концерті болып өтті.

Шараның басты мақсаты өнерлі жастарды анықтау және шығармашылықтарын шыңдауда оларға қолдау көрсету, халқымыздың ұлттық мәдениетін, өнерін көздің қарашығындай сақтауға баулу болып табылады. Байқауға «Вокалдық ән», «Хореография», «Көркем сөз», «Театр жанры», «Аспаптар жанры» секілді аталымдар бойынша Көкшетау, Степногорск, қалалары мен  Бурабай, Шортанды, Целиноград, Аршалы  аудандарынан бойларындағы дарындары теңіздей тасыған өнерлі жастар қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша сахнада «Бір түп алма ағашы» қойылымын жоғары дәрежеде сомдап, өздерінің өнерлерімен көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген Ақан сері атындағы Көкшетау мәдениет колледжінің «Жас толқын» театр ұжымы бас жүлдені жеңіп алды, сондай-ақ, «Инстаграм
жұлдызы» марапатына ие болды.
Ал, Балуан Шолақтың «Ғалия» және ағылшын тіліндегі «the million voices» әндерін  әуелете орындаған жас әншілер – шортандылық Асқар Мұқият пен көкшетаулық Айнара Бұзаубасова,  Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің домбырашылар ансамблі де өнер сайысынан құр қол қайтпай, бірнеше аталымдарда жеңіс тұғырынан көрінді. Бурабай ауданынан келген жас өнерпаз Изабелла Пантелееваға, «Көкше» академиясының «Шапағат» би ансамбліне байқауға белсене қатысқандары үшін алғыс хат табыс етілді.       

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар