Балалар үйіне жөндеу жүргізілуде

Облыс әкімі Сергей Кулагин Ақкөл ауданындағы балалар үйінде болып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты.

Қазіргі уақытта балалар үйінің ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатқа бюджеттен 716 миллион 445 теңге бөлінген. Бүгінгі күні ғимараттың үшінші қабаты толық жөндеуден өткізіліп, жиһаз сатылып алынған. Екінші қабат тоқсан пайыз дайын. Бірінші қабатқа әлі де жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанды жаңа жылға дейін тапсыру жоспарланып отыр.
Облыс әкімі тиісті басшыларға жөндеу жұмыстарының сапалы жүргізілуін және уақытылы аяқталуын қатаң тапсырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар