Жергілікті полиция қызметі құрылады

Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбековтың төрағалығымен өткен  мәжілісте келесі жылдан бастап жұмыс істей бастайтын   жергілікті полиция қызметінің жаңа жүйесінің  тұсаукесері болып өтті.

Оған облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин, облыстық басқармалар мен ведомстволар басшылары, аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы және  жергілікті полиция құрылымдары басшыларының орынбасарлары қатысты.
Алдымен сөз алған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің  Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Талғат Мұсақанов жергілікті полиция қызметін құрудың мақсаты жайлы баяндап берді. Бұл жаңа құрылым жаңа жылдан бастап еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істей бастайды. Ең бастысы, бұл жаңа құқық қорғау жүйесі жергілікті атқарушы органдарға есепті болады. Мұндай құрылымдардың басшыларын да облыс әкімінің келісімімен жергілікті мәслихаттар бекітеді.
Министрлік өкілі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде жергілікті әкімдердің жауапкершілігін арттыру көптен бері айтылып келе жатқанын тілге тиек етті. Бұл полиция қызметіне учаскелік, жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекторлар, жол-патрульдік қызмет, табиғат қорғау және тағы
басқа саланың тәртіп сақшылары кірмекші.
Жаңа қызмет құрылымына қатысты сауалдар да көптеп қойылды.  Себебі, жаңа жыл болса келіп қалды. Ал, бұл қызмет жыл басталысымен жұмысқа кірісуі тиіс. Бұл ретте облыстық мәслихаттың хатшысы  Дулат Нұрмолдин жаңа жылға дейін өтетін мәслихаттар сессияларының күн тәртібіне бұл мәселені тезірек енгізу жөнінде пікір білдірді.
Бір атап өтерлігі, жергілікті полиция қызметін жеделдік жағынан қадағалауды облыстық ішкі істер департаменті жүзеге асырмақ. Кадр таңдау да солардың құзырында қалмақшы. Олай болса, жергілікті атқарушы органдар есебін ғана тыңдайтын дәрежеде қалмаса болды.
Қазір учаскелік және білім ордаларындағы инпекторларды өз жұмысынан жанама қызметтерге тарту көріністері де жоқ емес. Бұған жауап берген министрлік өкілі ендігі жерде жергілікті полиция қызметіндегі тәртіп сақшыларын ешкім басқа жұмысқа тарта алмайтынын  баса айтты. Тек, оқыс және жедел оқиғалар кезінде министрліктің тікелей
бұйрығымен ғана жанама қызметтерге
тартыла алады.
Бақыт СМАҒҰЛ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар