Театрдың жеңісі

Ақмола облыстық орыс драма театрының әртістері Ресей Федерациясының Йошкар-Ола қаласында өткен «Достық көпірі» халықаралық фестивалінен жүлделі оралды.

Жерлестеріміз өнер сайысына А.Вальехоның «Жертөле терезесі» («Подвальное окно») пьесасы желісіне құрылған спектакльді алып барған болатын. Шығарманың музыкалық әрлеушісі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Жұманиязов, қоюшы режиссері – Берік Бүрбаев.
Спектакль фестиваль ұйымдастырушылары мен қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланып, облыстық орыс драма театры «Орыс психологиялық театрының дәстүрлеріне адалдығы үшін» дипломымен марапатталса, ал, осы ұжым әртістері Виктор Крылов пен Елена Лукьянова «Үздік дуэт» аталымы бойынша жеңімпаз атанды.  

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар