Менің елім

Ел едім, мұратына мұрат қосқан,
Көңілім таза еді әуел бастан.
Ешкімнің қызықпағам еншісіне,
Сосын да еншім менің ашық аспан.

Ел едім, осы күнде азат елмін,
Ғажабын азаттықтың толғап көрдім.
Кешегіден бір бөлек жан дүнием,
Ойым асқақ, жалтақсыз сөзім еркін.

Ел едім, көрдім бабам көрмегенін,
Қазақ деген халықтың өрлегенін.
Бұрын әлем білмейтін күйде едім,
Ал, бүгінде орным төрде менің.

Ел едім, ордасы едім талай ердің,
Елбасым, игі істерге бастай бердің!
Тоныкөктің арманы Мәңгі Ел болса,
Мендік дәйім кең дала, асқар белім!

 

Қарашаш ТЫЛЛАБАЕВА.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар