Ардагермен жүздесті

Жоғарыда аталған мұражайда Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, тағылымды жиын болып өтті.

Жастар бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған шараға тыл еңбеккері  Бекболат Мұсантегі қатысып, жас толқынға  соғыстың сұрапыл жылдары бас-тан кешкен тауқыметін баяндады. Отырысқа жиналғандар  ақсақалды мұқият тыңдап,  қасіретке толы кезеңге байланысты өз сауалдарын қойды. Прокуратура ардагері «Ақиқат пен аңыз»,  «Өмір және заңнама»,  «Өмір-керуен»,  үш томдық «Тағылымдар мен тағзым»,  «Халық қаһарманы» шығармаларының  авторы.
Тағылымды шара қорытындысында  қонақтарға өнерпаздардың қатысуымен шағын концерттік бағдарлама ұсынылып, тарих  залының «Тәуелсіз Қазақстан» экспозициясымен таныстырылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар