Әсем ән шалқыды

«Достық» үйінде Тәуелсіздік күніне орай, «Менің Қазақстаным» атты ән фестивалі болып өтті.

Мазмұнды да әсерлі шараны Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы, Ақмола облысы әкімі аппараты жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен «Орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі бірігіп ұйымдастырды.
Аталған қоғамдық бірлестік төрағасы Александр Артеменко құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның басты мақсаты жас таланттарды қолдау, оларға демеу көрсету екенін, әр қазақстандық достық пен бірлікте өмір сүруі қажеттігін
атап өтті.
Жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінген үміткерлер патриоттық әндерді орындап, елге, жерге деген құрметтерін өз өнерлері арқылы көрсетті. Қазылар алқасы Степногорск қаласынан келген Мәдина Қасенованы бас жүлдеге лайық деп танып, оған диплом мен бағалы сыйлықты тарту етті. Сонымен қатар, екінші орындаушылар тобынан бірінші орынды степногорлық Виктория Грудина жеңіп алды. Басқалары да сый-сыяпатсыз қалған жоқ.  Барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен, естелік сыйлықтармен марапатталды.

 «Қоғамдық келісім»
мекемесінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар