Алдын алған жөн болар

Қорғалжын ауданында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің ұйытқы болуымен бірқатар кездесулер өткізілді.

Алдымен Арықты ауылдық округіндегі бастауыш партия ұйымының бастамасы бойынша тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, қылмысқа және сыбайлас  жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін  жетілдіру шаралары туралы әңгіме қозғалды.
Сондай-ақ, Кеңбидайық ауылдық округінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», «Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүйесін жетілдіру шаралары туралы» заңдарды халыққа түсіндіру, әр адамның құқықтары мен құқықтық мәдениетін арттыру бойынша түсініктеме беру, мемлекеттік органдармен жұмыс барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, құқық бұзушылыққа жағдай жасамау мақсатында дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараны бастауыш партия ұйымының төрағасы Балғабай Иманов жүргізді. Отырысқа ауыл тұрғындары, әкімшілік қызметкерлері, білім мекемелері өкілдері қатысты.
Мұндай тағы бір кездесу Қызылсай ауылдық округіндегі бастауыш партия ұйымының төрағасы Мұрагер Ахметбековтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес аясында  Шалқар, Үшсарт ауылдарының тұрғындары арасында да көп игі шара қолға алынды.
Ал, Амангелді ауылдық округінде партия ұйымының төрағасы Мүбәрәк Болатбеков «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес» атты кездесу алаңы шарасын  өткізді. Бұл кездесуге Өркендеу, Жұмай ауылының тұрғындары, мекеме қызметкерлері, мектеп мұғалімдері қатысты.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар