Еңбекақы қай мөлшерде?

2015 жылдың 3-ші тоқсанында бір жұмысшының орташа атаулы еңбекақысы облыс бойынша 88593 теңгені құрады.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9 пайызға өсіп отыр.  Осы аралықта ең жоғары еңбекақы қаржы және сақтандыру  қызметкерлерінде (140112) теңге тіркелді. Бұл облыс бойынша орташа есепке қарағанда 1,6 есе жоғары.
Әлеуметтік сала қызметкерлерінің орташа айлық еңбекақысы орташа облыстық көрсеткіштен төмен болып қалуда. Оның ішінде  денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету қызметкерлерінде 83391 теңге, білім беру қызметкерлерінде 63624 теңге болды. Бұл орташа облыстық деңгейден 5,9 және 28,2 пайызға төмен.
Ең төмен еңбекақы өнер, ойын-сауық және демалыс саласының қызметкерлерінде (54621 теңге) тіркелді. Еңбекақы орташа облыстық деңгейінен жоғары Степногорск қаласында 99241 теңге, Көкшетау қаласында 98499 теңге, Еңбекшілдер ауданында 96307 теңге, Целиноград ауданында 93940 теңге, Зеренді ауданында 91609 теңге болып қалыптасты. Ең төмен еңбекақы Ерейментау ауданында 69945 теңге болды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар