Елдікті жырға қосты

Облыс орталығындағы Достық үйінде Қазақ хандығының 550 жылдығына орай, «Есім ханның ескі жолы, Қасым ханның қасқа жолы, Нұрсұлтанның нұрлы жолы» атты облыстық ақындар мүшәйрасы болып өтті.

Ақындардың шығармашылығын одан әрі дамыту, ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға он бір ақын қатысты. Мүшәйра екі тілде жүргізілді. Жалпы отыз жеті ұсыным келіп түсіпті. Авторлар  аты-жөндерін жазбай, туындыларына бүркеншік аттарын қою сайыстың негізгі талабы болды. Оның ішінде, он екісі ғана ақтық кезеңге жолдама алды. Байқауда бақ сынаған ақындар өздерінің елге, Отанға, Елбасыға деген құрметтерін жырларына арқау етті.
Мәлік Ғабдуллин музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек төрағалық еткен әділқазылар алқасына  жүзден жүйрікті табу қиынға соқты. Қазылар алқасы жырларды мұқият тыңдап, саралап, ақылдаса келе  айтыскер ақын Қуаныш Оспановты жеңімпаз деп танып, «Блэк» серіктестігінің ағаштан әшекейленіп ойылған бұйымдарын табыс етті. Ал, екінші және үшінші орынды Күләш Нысанбек пен Мерген Тоқсанбай өзара бөлісті. Ал, орыс тілінде жазылған өлеңдер арасында  қаламгер Виктор Терещук бас жүлдеге ие болды. Оған плазмалық теледидар тарту етілді. Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Ырысгүл КЕНЖЕБЕКҚЫЗЫ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар