Спортшыларға құрмет

«Достар» мәдениет сарайында облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков халықаралық және республикалық додаларда өңір
абыройын асқақтатып, жоғары жетістіктерге қол жеткізген спортшылар мен жаттықтырушыларды марапаттау рәсіміне қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Алдымен, көгілдір экранда өңір спортшыларының толағай табыстары жөнінде бейнефильм көрсетілді. Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков   спортшыларға шынайы ризашылығын білдірді.
– Бұқаралық спорт – бұл ұлт саулығы, үлкен спорт – ел абыройы. Бүкіл ғұмырын спортқа арнаған жандар  өздерінің жеңістерімен облысымызды ғана емес, республикамызды  өзге елдерге танытты. Аспан түсті байрағымызды биікте желбірете білгендері үшін мың тағзым. Әр жеңістің астарында тыңғылықты еңбек, жаттықтырушының шәкіртіне деген үлкен сенімі жатыр. Үстіміздегі жылы  біздің облыстың спортшылары әртүрлі дәрежедегі 593  медальді жеңіп алды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 69  медальға артық. Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың жаппай спортпен шұғылдануы үшін барлық жағдайды жасауда. Бұған өңірімізде бой көтеріп жатқан спорт нысандары дәлел бол алады, – дей келе  Дәурен Зекенұлы  спортшылар мен жаттықтырушылардың еңбегіне тоқталып өтті. Сонымен бірге, ол  биатлоннан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Дүниежүзілік қысқы универсиаданың жеңімпазы, IBU кубогының қола жүлдегері, жылдың үздік спортшысы атанған Алина Райковаға Қажымұқан атындағы спорттық сыйлықты табыс етті. Ал, «2015 жылдың үздік жаттықтырушысы» аталымында  биатлоннан жоғары дәрежелі жаттықтырушы Сергей Райков жеңімпаз болып танылды. Мүмкіндігі шектеулі спортшыларға арналған «Үміт» аталымында  Вадим Дукарт, Елена Путинцева, Нина Рулева, Зарина Болатова мен Медет Тәкенов марапатталды. «2015 жылдың үздік аймақтық спорт бөлімінің басшысы» аталымында  Зеренді ауданының  дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Нұржан Шәкіржанов, сондай-ақ, «жылдың үздік спорт тілшісі» аталымында «Қазақстан-Көкшетау» облыстық телеарнасының тілшісі Қалымбек Мұхаметжанов пен «Курс» газетінің журналисі Антон Грац топ жарды.
Суретте: облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Надежда Патюткинаның зеренділік Н.Шәкіржановты марапаттаған сәті.
Суретті түсірген  Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар