Мұз қалашығы балалар думанына айналды

Курапаткино ауылының мектеп алаңында мұз қалашығының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Аталмыш  елді мекенде қыс кезінде небір ғажап  мүсіндер мен  сырғанақ жасау  дәстүрге айналған. Барлық еңбек ұжымдары бұл игі істен қалыс қалмай, мұз қалашығын салуға өз үлестерін қосты. Барлық мүсіндер мұздан қашалып, аңдардың, ертегі кейіпкерлері мен аңыздардағы образдардың  бейнесінде тұрғызылды.
Ашылу салтанатында осы іске елеулі еңбек сіңірген Күсеп селолық округінің әкімі  Сағынтай Кенжеғозы құттықтау сөз сөйледі. Ал, балалардың қуанышына себепкер болып, қол ұшын созған азаматтарды жауапкершілігі шектеулі «Диқан Плюс» серіктестігінің басшысы Александр Барамидзе құрмет грамоталарымен марапаттады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар