Берекелі, мерекелі жыл

Кеше облыс әкімі Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткізілген кезекті аппарат кеңесінде өңірдің 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылып, еңбекте және қоғамдық жұмыста белсенділіктерімен көзге түскен бір топ партия, бизнес, БАҚ өкілдеріне тиісті марапаттар тапсырылды.

Кеңеске облыс әкімінің орынбасарлары, облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, департаменттер мен басқармалардың басшылары қатысты.
Жиналғандарды алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаған Сергей Кулагин өз сөзінде биыл облыс еңбеккерлері табысты жұмыс істегендігін атап өтіп, негізгі салалар бойынша өңірдің қол жеткізген жетістіктеріне жеке-жеке тоқталып өтті. Атап айтқанда, өнеркәсіп көлемінің индексі 105 пайызға орындалып, облыс еліміздегі алдыңғы қатарлы көрсеткіштердің бірін еншілеген. Биыл ауыл шаруашылығы саласы үшін де жыл толайым табыстармен қорытындыланып отыр. Жиналған барлық астықтың
82 пайызы үшінші класты болуы оны сатып, өткізуде де бірталай артық-шылықтарға қол жеткізуде. Осының нәтижесінде Үкіметтен алынған 5,2 миллиард теңге қарыз толық өтеліп, өткен жылдардың қалып қойған берешектері қайтарыла бастаған.
Ақмолалықтар тұрғын үй құрылысын жүргізуде де жаман жұмыс істеген жоқ. Қайта жоспарды 107 пайызға орындап, республикамызда алдыңғы  орындардың бірінен көрінді. Тұтыну индексі бо-йынша да 6-7 орындарды бөлісті. Салық және салық түсімдері 5 миллиард теңгеге артық жиналып, мұның өзі бюджеттің кіріс бөлігінің ойдағыдай орындалуына септігін тигізді.
Көктемгі су тасқыны, Красногорск, Калачи елді мекендері бар, биыл проблемалар да аз болмады. Табиғи апаттың салдарынан 400-ден астам үй тұруға жарамсыз болып қалса, солардың иелерінің бәрі де үй алды. Бұл бір жағынан, Үкіметтің зор көмек-қолдауының арқасында мүмкін болды. Биыл 56,7 миллиард теңгенің ондаған жобалары іске асырылып, 1 мыңнан астам жұмыс орындары ашылса, келер жылы тағы да 109 миллион теңгенің 19 жобасы қолға алынбақшы. Тек бір ғана Астананың айналасындағы азық-түлік белдеуі бо-йынша 22 жоба өз жалғасын табуда. Облыс әкімі одан әрі өз сөзінде осы жетістіктердің бәрінде облыс еңбеккерлерінің үлесі зор екендігін ерекше ауызға алып, шынайы алғыс сезімін білдірді.
Бұдан кейін бір топ шығармашылық, өнер өкілдері, атап айтқанда, белгілі жазушы Төлеген Қажыбай, облыстық мәдениет басқармасының басшысы Сәуле Бөрібаева,  «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері мен «Хабар», 24КZ, КТК телеарналарының Ақмола облысындағы меншікті тілшілері Бақберген Амалбек, Шыңғыс Тәшенов, Сәуле Құсайынова,
Айзат Тұрғынбекқызы, «Русская община» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Артеменко, Елбасы Жарлы-ғымен «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен, тарихшы-ғалым Қадыржан Әбуев Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды. Ал,
«Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, еңбек ардагері және қоғам қайраткері Қымбат Мұстафинаға партияның «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі тапсырылса, белгілі кәсіпкер Елена Мащинскаяның еңбегі  Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен аталып өтті. Жылдың толайым қорытындысы мен мерейлі марапат осылайша жиналғандар көңілін көтеріп, өңір мерейін асыра түсті.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар