Білімі кемел ел мұратына жетеді

Жанайдар Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінде облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркеновтың қатысуымен білім басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті.

Жиынға аудандық, қалалық білім бөлімдері мен колледждердің басшылары қатысты. Алғашқы болып облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов сөз сөйлеп, бала тәрбиесіндегі ұстаздардың елеулі еңбегіне тоқталды.
–Ұстаз – өскелең ұрпақты тәр-биелейтін дана да дара тұлға. Жарқын келешек мұғалімнің бала жанына жақсы қасиеттерді қаншалықты жақсы сіңіре білгеніне байланысты болмақ, – деді Нұрлан Жаңбыршыұлы.
Бұдан соң облыстық білім басқар-масының басшысы Балым Ізбасарова Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын жүзеге асыру тетіктеріне негізделген баяндама жасады. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша білім  жүйесін жетілдіру мәселесі жақсарып келеді. Ұстаздар қауымы өз білімдерін жетілдіріп, қазіргі заманғы технологияларды жетік меңгерген. Сала басшысынан кейін  «Аktualis» білім беру электрондық жүйесінің  бас редакторы Вера Казакова мұғалімдердің жұмысын бірсыдырғы жеңілдететін  жаңа жүйе жобасын таныс-тырса, Зеренді аудандық білім бөлімінің басшысы Жангелді Уаисов, Щучинск қаласындағы индустрия, туризм және сервис колледжінің директоры Жангелді Төлегенов, облыстық оқу-әдістемелік кабинеттің басшысы Гүлнәр Күшбаева  білім сапасын арттыру және мектептің оқу стандарттарын жаңарту жөнінде пікір айтты.
Мәжіліс соңында облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов  білім беру саласын дамытуға қосқан үлестері мен жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісіндегі табыстары үшін бірқатар азаматтарды Алғыс хаттармен марапаттады. Сондай-ақ, Степногорск қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы лицейінің мектеп директоры Ләззат Мұқажанова мен Бурабай ауданындағы жоғары техникалық мектептің  энерго-механика бөлімінің меңгерушісі Елена Васинаға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ыбырай Алтынсарин» атындағы төсбелгі табыс етілді. Ал, Ақкөл ауданы Азат орта мектебінің директоры Ерік Молдағанапов, облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Гүлнәр Күшбаева, Бурабай ауданы білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Әсия Қосыбаева,  Есіл қаласындағы Сайлау Серіков атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Смоляная, экология және орман шаруашылығы колледжінің директоры Владимир Скляров және Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің хорео-графия мұғалімі Андрей Погорелый Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкерлері атанды.

 

Ырысгүл АШУОВА

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар