Алексей Васильевич Тихонский

2015 жылдың 29 желтоқсаны күні 81 жасқа қараған шағында белгілі еңбек ардагері, қоғам қайраткері Алексей Васильевич Тихонский өмірден өтті.
Алексей Тихонский 1935 жылы Новосібір облысында дүниеге келген. 18 жасынан бастап, фабрика-завод училищесін бітіргеннен кейін құрылыс учаскесінде балташы болып еңбек жолын бастады. 1955 жылдан 1958 жылға дейін Қарулы Күштер қатарында Венгр Республикасы аумағындағы жауынгерлік операцияларға қатысты. 1962 жылы Алексей Васильевич Тың бақылау кеңесі техникалық басқармасының инженері болып тағайындалды. 1965 жылдан бастап Целиноград қалалық партия комитетінің құрылыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 1975 жылы Целиноград қалалық атқару комитетінің төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Арада үш жыл өткен соң Қазақстан Коммунистік
партиясы Целиноград қалалық партия комитетінің екінші хатшысы болып сайланды. 1977 жылы Алексей Васильевич Целиноград облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметіне сайланып, жоғарылатылды. Орталық партия комитетінің, Үкіметтің жолдауына сәйкес Ауғанстан Республикасында Ауғанстан Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі қызметін атқарды. Ауғанстан халқының «Достық» орденімен марапатталды. Арада 11 жыл өткен соң Қазақ ССР Байланыс министрлігінің «Каз-связьстрой» тресінің меңгерушісі болып тағайындалды.
1994 жылы зейнет демалысына шыққаннан кейін Алексей Васильевич «Тың байланыс құру» акционерлік компаниясының президенті қызметін атқарды. Адал еңбегі үшін екі мәрте «Құрмет Белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталды. Өзін талантты жетекші және ұйымдастырушы, тынымсыз еңбеккер ретінде көрсеткен
Алексей Тихонский әр уақытта да жұмысқа шынайы берілуі, талапшылдығы және іскерлігі, қаумалаған ортадағы қалтқысыз беделі арқылы танып-білген адамдардың есінде ұзақ уақыт сақталатындығы сөзсіз.
Ақыл-парасаты мол Алексей Васильевич Тихонскийдің жарқын жүзі біздің жүрегімізде өзімізбен бірге жасайтындығы анық.

Ақмола облыстық әкімдігі.
Ақмола облыстық мәслихаты.
Ақмола облыстық ардагерлер кеңесі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар