Кемел болашақтың кепілі

Елбасының  мақаласы  жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап. Сондай-ақ, еліміздің бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіруінің алғы шарттары қарастырылған жоспар екені анық.

Енді осы құжатты іс жүзінде іске асырудың кезеңі басталды. Ел дамуының басты бағыт-бағдарын белгілеп берген мақалада көптеген мәселелер көтеріліп отыр. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын одан әрі жетілдіру мәселелері қамтылған. Мәселен,  мұнда білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау салаларын реформалау адам әлеуетінің сапасын арттыруға жағдай жасайды деп атап көрсетілген. Сол мақсатта, ілкімді шаралар әлден қолға алынып жатыр. Білім беру саласында мектепке дейін және мектепте білім берудің жаңа үйлестірілген стандарттарын әзірлеу және бекіту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Енді алдағы уақытта оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытылады деп күтілуде. Әрі 2017 жылы «Барша үшін тегін кәсіптік-техникалық білім»  жобасы өз жұмысын бастамақ. Яғни, барлық саласы байланысқан біздің қоғамда білікті еңбек адамы, кәсіби жұмысшылар ауадай қажет. Сұранысты дөп басып отырған Елбасы осы түйткілді мәселелерді жетекке алып, еңбек нарығын бәсекеге қабілетті мамандармен қамтамасыз етуді басты назарда ұстауда.
Мұның барлығы кемелденген болашаққа жетудің бір қадамы болмақ. Сол себепті,  Ұлт жоспарын біздің еліміздің дамуы үшін үлкен тірек деп білемін. Соның арқасында Қазақстан барлық қиындықтар мен сынақтардан сүрінбей өте алады. Осының бәрі алдымен Жолдауда, одан кейін Елбасы мақаласында жан-жақты көрініс табуы алда тұрған күрделі, бірақ, қолымыздан келетін міндеттерді жеңілдете түсері анық. Енді Ұлт жоспары өзіндік іске асыру тетіктеріне бекем ие бола түскенде, біздің бәрімізден талап ететіні осы іргелі істерге бір кісідей жұмылу. Нақты қадамымыз соған бастай түседі деген ойдамын.
Уәсила ҚАЛИЕВА,
№7 қазақ орта мектебінің директоры.
Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар