Мейірім мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі Сергей Кулагин Көкшетау қаласындағы «Архистратиг Михайл приходы» шіркеуінде болып, православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықттап, діннің жер бетіндегі жақсылық пен ізгілік атаулыға қызмет ете беруіне тілектестігін білдірді. 

 

Бұл діни мейрамның мемлекетімізде дәстүрлі түрде атап өтіліп келе жатқанына да біраз жылдың жүзі болды. Әлемде түрлі қақтығыстар орын алып жатқан мына заманда өз бірлігіміз бен ынтымағымызды осындай мерекелер арқылы нығайта түсу қажет-ақ. Әр діннің өзінің ерекшеліктері болғанымен, баршамызды біріктіретін тылсым күш ол Жаратқанға деген сеніміміз. Мінеки, түрлі этнос, дін өкілдерін де Қазақстандай тәуелсіз елде ұйыстырып отырған ортақ қазына – мызғымас бірлігіміз болып табылады. Сондықтан, татулықтың туын қашанда биік ұстауымыз қажет. Мереке күні шіркеуге жиналған жамағат алдында осылай деп сөз алған облыс әкімі Сергей Кулагин Рождествоның әр шаңыраққа шаттық, ырыс, бақ-береке әкелуін тіледі.
Өткен жылы облыс орталығында жаңа мешіттің бой көтергенін айта келе, үстіміздегі жылы Құдайдың ризашылығымен, кәсіпкерлердің көмегімен жаңа шіркеудің де қабырғасы қалана бастайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ, көпшілікпен бірге діни рәсімге қатысып, Христостың туған күні – Рождество мерекесінің құрметіне шам  жақты.
Кездесуде Көкшетау және Ақмола епархиясының эпископы Серапион сөз алып, тұрғындарды мерекелерімен құттықтаған аймақ басшысына ерекше ризашылық сезімін жеткізіп, естелік сыйлықты тарту етті.    
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар