Абырой еңбекпен келеді

Аудан орталығы Ақмолда жыл қорытындысына орай арнайы жиын өткізілді. Оған өңірдегі сала басшылары мен еңбек ардагерлері шақырылды.

Өткен жыл Целиноград ауданы үшін түрлі оқиғаларға толы болды. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен ауылдарды қалпына келтіру қисапсыз жұмыс, зілмауыр салмақ еді. Табиғат тосын мінез танытып, сынағына алған кезде ел басына туған қиындықтан шығу үшін аудан және облыс басшылары үлкен көмек көрсетті.  
Қиын сәтте барлық істі жіті ұйымдастырған іскерлігі үшін аудан әкімі Малғаждар Тәткеев «Құрмет» орденімен марапатталды.
Жылдың соңғы жиынына Қазақстан Респуб-ликасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар агенттігінің басшысы Владимир Божко арнайы қатысып, сындарлы шақта жауапкершілік танытқан, сондай-ақ демеушілік көрсеткен бірқатар аудан азаматтарына алғыс айтып, марапаттады. Жанашыр жандардың арасында «Родина» агрофирмасының» бас директоры И.Сауэр, Оразақ, Қабанбай батыр, Талапкер ауылдық округтерінің әкімдері: Н.Қасымбеков, А.Мырзагелдиев, Н.Мұзамелов, Р.Қошқарбаев атындағы ауыл тұрғыны Б.Шахарбаев, «Талапкер-құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ж.Қобыландин болды.
Жанат  ТҮГЕЛБАЕВ.
Целиноград ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар